Үндістанда ғарыш ұшағы сынақтан сәтті өтті (видео)
Үндістанда ғарыш ұшағы сынақтан сәтті өтті (видео)
1 ай бұрын 721 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: twitter.com/eviationaero

Үндістанның ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) көп рет пайдалануға болатын "Пушпак» ғарыш ұшағы прототипін сынақтан сәтті өткізіп, толағай жетістікке жетті. Бұл қадам Үндістан үшін ғарышты зерттеу саласында жаңа мүммкіндіктерге жол ашады. Бұл жайында islam.kz порталы space.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұзындығы 6,5 метрлік ғарыш ұшағының прототипі Үндістан әуе күштерінің тікұшағынан 4,5 шақырым биіктікте ұшырылды. Осыдан кейін «Пушпак» ұшыру алаңынан 4 шақырым қашықтықта орналасқан ұшу-қону жолағына сәтті қонды. Айта кету керек, бұл сынақ осы прототиптің екінші сәтті сынағы және бұл жолы күрделі маневрлер орындалды, оның ішінде бағытын түзетіп, жерге автономды (дербес) қонды. Үндістан ғарыш ұшғаны 2019 жылдан бастап құрастыра бастаған еді.

0 пікір
Мұрағат