Радикализмге қарсы анықтамалық шықты
Радикализмге қарсы анықтамалық шықты
10 жыл бұрын 2651

Канада мұсылмандарының ұлттық кеңесі мен әлеуметтік қызмет жөніндегі ислам қауымдастығы үйеңкі елінің мұсылман жамағатына арнап, оларды радикалды ағымдардан қорғауға септігін тигізетін ағартушылық бағыттағы анықтамалықты жарыққа шығарғандарын жария етті. Аталмыш анықтамалық 38 беттен тұрады. Оқыған адамның көп уақытын алмайды. Есесіне, көп ақпаратқа қанығуға болады. Мұсылман ұйымдары бұл көмекші құралды жастар қажет еткеннен кейін шығарғандарын жеткізді.

Осыған ұқсас жағдай АҚШ-тың Чикаго қаласында да орын алған. Олар да қоғамды жайлаған ислам жайындағы жаңсақ ұғымдар мен қате көзқарастарға тойтарыс беру үшін жарнама және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануда. Қасиетті Құран даналары тегін таратылуда. Ислам жайында қосымша білгісі келетіндер үшін телефон желісін де іске қосқан.

0 пікір
Мұрағат