Имамды өлтіргендердің өзі өлім жазасына кесілді
Имамды өлтіргендердің өзі өлім жазасына кесілді
2 жыл бұрын 1274

SBS ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Қытайдағы 600 жылдық тарихы бар аса ірі Ид Ках мешітінің имам хатыбы Жұма Тахирді өлтіріп, қолын қандаған 19 жастағы Нұрмемет Әбдәлміт пен 18 жастағы Гена Хасанды Синьцзян ұйғыр аймағында орын тепкен Қашғар қаласының соты өлім жазасына кесті. Ал олардың сыбайласы Атаулла Тұрсынды өмір бойы бас бостандығынан айырды. Қашғар сотының үкімінде оған «террористік топқа қосылды әрі кісі өліміне қатысты» деген айып тағылған. Кісі қолынан қаза тапқан, қастандықпен өлтірілген марқұм Жұма Тахир үкімет тағайындаған имамдардың бірі болатын. Соттың ұйғарымы бойынша өлім жазасына кесілгендердің бірі Гена Хасан осы қылмысты ұйымдастырған екен. Өйткені, үкімет тағайындаған соң марқұм имамды «дұрыс емес мұсылман» деп санаған көрінеді. Жастық желігімен арандап қалған дейсіз бе, қытай билігінің ұйғыр мұсылмандарға көрсетіп отырған қысымның кері нәтижесіне жатқызасыз ба, бұл қылмыстың ұйғырлар мен қытайлар арасындағы қақтығысқа ұласпаса екен. Аймақтағы тыныштық пен тұрақтылыққа мүдделі елімізге қауіп төндірмесе болғаны.

0 пікір