Терроризмге қарсы тұрудың қыр-сыры оқытылады
Терроризмге қарсы тұрудың қыр-сыры оқытылады
2 жыл бұрын 714

Алдағы уақытта Ресей Федерациясындағы мектеп қабырғаларында және жоғары оқу орындарында терроризм мен экстремизмге қарсы тұрудың, тойтарыс берудің қыр-сырын оқыту міндетті оқу бағдарламасына кіретін болады. Бұл жайында «Известия» басылымы хабар таратты. Оқу курсы РФ президенті Владимир Путин бекіткен терроризм идеологиясына қарсы тұрудың кешенді жоспары аясында Білім беру және ғылым министрлігі әзірлейтін терроризм мен экстремизмге қарсы тұрудың федералды тұжырымдамасына сәйкес енгізіледі. Аталмыш құзырлы орган қызметкерлерінің айтуынша, жастар албырт келетіндіктен террористік ұйымдар мен қозғалыстардың торына оңай түсіп қалады. Сол себепті, осындай қадамға барып отырғандарын жеткізді. Болашақта оқытылатын оқу құралында халықаралық және отандық терроризм мен экстремизмге қарсы ұйымдар мен қозғалыстарының пайда болуы тарихы қамтылатын болады.

0 пікір