Қытайда рельссіз жүретін трамвай жолға шықты (видео)
Қытайда рельссіз жүретін трамвай жолға шықты (видео)
7 жыл бұрын 2848 stan.kz

Қытайдың CRRC тасымалдаушы компаниясы рельсті қажет етпейтін, бірақ соңына вагондар тіркей алатын ерекше қоғамдық көлікті қолданысқа шығарды.

Бұл туралы xinhuanet.com хабарлайды.

Аталмыш қоғамдық көлікте автобус, трамвай және өздігінен басқарылатын автокөліктің артықшылықтары біріктірілген. Көлік қала ішінде сызылып қойған арнайы бағыт бойынша жүретіндіктен, оған жүргізушінің де қажеті шамалы екен.

300 жолаушыны еркін сыйдыратын көлік сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүреді. Компания осындай ерекше көлік шығару арқылы рельс төсеу шығынынан арылуды көздеген. Көлік алғаш болып 2018 жылдан бастап Чжучжоу қаласында қатынай бастайды.

0 пікір
Мұрағат