Әуежайда паспорт орнына смартфон қолдануға болады
Әуежайда паспорт орнына смартфон қолдануға болады
7 жыл бұрын 2923 naryk.kz

Дубай халықаралық әуежайы ұшу алдындағы бақылау кезінде паспорт орнына жолаушылардың смартфондарын қолдана алады, деп жазады Gulf News.

Ол үшін телефонға арнайы Smart UAE Wallet қосымшасын жүктеп алу керек. Бұл бағдарламаға паспорт мәліметтері сақталып, билет ақпараттары да енгізіледі.

Дубай әуежайынан ұшар кезде жолаушылар смартфондарын арнайы турникеттерден өту арқылы өткізіп, саусақ таңбасын көрсетеді. Жаңа жүйе әр жолаушыны рәсімдеу уақытын 9-12 секундқа дейін азайтпақ. Бұл жаңа жүйені тек БАӘ азаматтары ғана қолдана алады.

Жобаны ел үкіметі Emirates әуе компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда.

0 пікір
Мұрағат