Құпия ресейлікті түріктер қалай жер қойнына тапсырды? (видео)
Құпия ресейлікті түріктер қалай жер қойнына тапсырды? (видео)
6 жыл бұрын 6451 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осыдан он жыл бұрын жол-көлік апатына ұшырап, ақыл-есін жоғалтқан әрі сөйлеу қабілетінен айырылған, содан бері түрік отбасында тұрған белгісіз ресейліктің жаназасына мыңдаған адам қатысты. Ресей Федерациясының ықтимал азаматын ақ жуып, арулап, ақтық сапарға шығарып салды. Яғни, мұсылманша жерледі. Гүлсім Қабадайы есімді түрік әйелі асырап алған марқұм қаңтар айының 23-і күні бүйрек ақауынан бақилық болды. Ол бірнеше күн жасанды тыныс алу аппаратымен реанимацияда жатты. Емхана төсегіне есінен танған күйінде таңылған еді. Асырап алған анасы оның жанында болды. 2008 жылдың қыркүйек айында Анталияда жас жігіттің өмірін күрт өзгерткен қорқынышты жол-көлік апаты орын алған еді. Жас жігіттің бірде-бір ішкі ағзасы бүтін қалмаған еді. Бұған қоса, сал болып, есін жоғалтты әрі сөйлеу қабілетінен айырылды. Ал санасы екі жастағы сәбидің деңгейінде қалып қойды. Апат салдарынан. Оның ауруханада туыстарының халін сұрауға келген Гүлсім кездейсоқ көріп қалып, басынан өткен қайғылы жағдайға қанық болады. Гүлсім оны ауруханада қамқор болып, артынан ешкім іздемеген бейтаныс жігітті ақыры асырап алады. Оған ауруынан айығып кетсін деген ниетпен Үміт депген есім қояды. Өйткені, жас жігіт өзінің есімін ұмытып қалған болатын. Гүлсім оның орыс сөздері естілген жерде елеңдеп, өзін ерекше ұстайтынын байқап қалады да мамандардың көмегіне жүгінеді. Сарапшылар да оның түбі ресейлік екенін растайды. 2013 жылы түрік жеріндегі құпия ресейлік туралы «Пусть говорят» хабарында көрсетілгенімен оның туыстары табыла қоймайды. Осылайша суішікілігі жат жерде таусылған ресейлік жас жігіт туған-туыстарынан жырақта есін білмей дүние салды. Қайырлысы осы шығар. 

1 пікір
Мұрағат