Неге намазханалар әлі ашылмай келеді?
Неге намазханалар әлі ашылмай келеді?
6 жыл бұрын 3015 muftyat.kz

Бұған дейін Министрлік тарапынан қандай да бір шектеулер алынып тасталды деп естісек те, неге Алматы және басқа да қалалардың әуежайларында, темір жол және автовокзалдарында намазханалар ашылмаған? Өткен жылдың басында Астана және басқа қалалардағы объектілердегі бірқатар намазханалар өз қызметін уақытша тоқтатты. Мұның себебі, бұл намазханалардың Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықтың (бұдан әрі - Нұсқаулық) талаптарына сәйкес болмауы болып табылады. Атап айтқанда, намазханалар діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарынан, ғимараттарынан мемлекеттік органдары және ұйымдарынан 300 метрден кем емес қашықтықта орналасу керек болды. Бұл талапты, әсіресе қалаларда, орындау мүмкін емес болды және діндарлардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Осыған орай, діндарлардың қажеттіліктерін және пікірлерін ескере отырып, Министрлік намазханаларды ашуға қойылатын талаптарды жұмсарту мәселесін қарастырды. Діндарлардың сұраныстарын ескеріп және мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын қамтамасыз ете отырып, Министрлік тарапынан стационарлық үй-жайлар мен діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылу тәртібін нақтылайтын жаңа редакциядағы Нұсқаулықты әзірледі. Нұсқаулық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді және ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б. Ермекбаевтың 2017 жылғы 9 маусымдағы № 89 бұйрығымен бекітілді. Мұндай үй-жайлардың мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге 300 метрден кем емес қашықтықта жақын орналасуына қатысты бұрын қолданыста болған тыйымның күшін жою Нұсқаулықтың маңызды жаңашылдық болды, себебі мұндай талап бүгінгі елді мекендердің ерекшеліктеріне сәйкес келмеді.

Сондай-ақ, діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды темір жол және автовокзалдарда, әуежайлар мен порттарда, яғни адамдар ұзақ уақыт бойы жиналатын орындарда ашуға қатысты тыйым алынып тасталды. Сонымен қатар, құдайға құлшылық еті рәсімдерін жасау кезінде тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында үй-жайдың ауданына, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуіне, діни іс-шараны орындау үшін тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілу қажеттігіне қатысты талаптар белгіленді. Осылай, дінге сенушілер үшін мінәжатты мұндай үй-жайларда тиісті және барынша қолайлы жағдайларда орындау мүмкіндіктері қамтамасыз етілді.

Сондықтан біздің тарапымыздан жоғарыда аталған қоғамдық орындарда намазханаларды ашу үшін қандай да бір кедергілер жоқ. Намазханалар қызметінің нормативтік базасы біздің тарапымыздан толығымен жетілдірілді. Ал, олардың практика жүзінде ашылуы намазханалар орналасатын объектілердің меншік иелерінің еншісінде. Сол себепті, әуежайларда, темір жол және автовокзалдарда немесе СОО намазханалар болмаған жағдайда, дінге сенушілер осы объектілердің әкімшілігіне жүгінуі тиіс. Бізге белгілі болғандай, елдің кейбір әуежайларында намазханалар ашылған. Мысалы, Алматы қ. әуежайында намазхана бар. 

0 пікір
Мұрағат