Пұтханадағы кибер пірәдар (видео)
Пұтханадағы кибер пірәдар (видео)
4 жыл бұрын 2041 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапонияның Киото қаласындағы Кодайджи пұтханасында уағызды енді адам емес, пластик пен болаттан құрастырылған, салмағы 60 келі тартатын, ал бойының биіктігі 195 метрге жететін Миндар есімді робот жүргізетін болды. Аталмыш электронды пірәдарды Осако университетінің ғалымдары құрастырған. Құны 1 млн долларға бағаланған кибер пірәдарды, қызық болғанда, аталмыш пұтхана монахтарының өзі тапсырыс беріп жасатқан. Силиконды бет-бәдені бар пірәдар алакөлеңкеде «қасиетті төрт шындық» туралы уағыз айтады. Жамағатына. «Әлемде азап-мехнат жоқ, азап-мехнатқа итермелейтін себеп жоқ», т.б. деп. Кибер пірәдар будда наным-сенімі бойынша жынысы жоқ мейірімділік құдайы Каннон прототипі. Айтқандайын, әлемге әйгілі Canon фирмасының атауы осы пұттан алынғанын да айта кету керек сөз арасында. Буддалық наным-сенім бойынша Каннон өзіне арналып соғылған кез келген мүсінге ене алады. Неге роботқа де «енбеске»? Осылайша күншығыс жұрты тарихи жадысында көмескі елес болып қалып қойған мифологиялық бұлдыр бейнені роботтан көргісі келеді. Кибер монах уағызды тек жапон тілінде емес, сондай-ақ, қытай және ағылшын тілдерінде де «қасиетті төрт шындықты» жеткізуге талпынады. Бір қызығы, пұтханада кибер монах пайда болғалы жамағаты көбейген.

0 пікір
Мұрағат