Жасушадан улы заттарға қарсы губка (биологиялық ұғымда) табылды
Жасушадан улы заттарға қарсы губка (биологиялық ұғымда) табылды
4 жыл бұрын 2267 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адам мен жануар жасушаларына тегі жат улы заттарды өзіне тартып, залалсыздандыратын жасуша тетігін сипаттап берді. Бактериялық агенттердің зиянды әсеріне ұшырап зақымдалған жасуша диаметрі жүздеген нанометрге дейін жететін жасушалар арасындағы кеңістікте  мембраналық (жарғақша) көпіршіктер - экзосом бөледі. Мұндай экзосомдар дифтериялық таяқшаларға және метициллинрезистентті стафилококқа бөлінетін улы заттарды «аулап» зарарсыздандырады. Жасушаның мұндай қорғану қабілеті барлық сүтқоректілер мен адамдарда кездеседі. Мұндай қорғану жүйесі басқа жүйелердің инфекциямен күресті бастауына, яғни, өзге жүйелер күреске кіріскенше, яғни, уақыттан ұтуына септігін тигізіп, улы заттардың таралуының алдын алып, мұрсат алып береді.

0 пікір
Мұрағат