Әлемдегі хижабтың 8 үлгісі (фото)
Әлемдегі хижабтың 8 үлгісі (фото)
4 жыл бұрын 4722 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жасмин Камал есімді сәулетші әрі қаламгер әлемнің әр түкпірінде кеңінен тараған шариғат шәлісін жамылудың сегіз үлгісін ұсыныпты.

1. Дупатта

Дупатта пәкістандық, үнділік және бангладештік әйелдердің хижаб үлгісі. Оны кейде мойынға орайтын шарф ретінде де пайдаланады. Әдетте дупаттаны жеңіл матадан тігеді. Жиегі өрнектеледі.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ muslim dupatta

2. Химар

Мысырлық мұсылман қыз-келіншектердің хижаб үлгісі. Онымен басты ғана емес, сонымен қатар, иық мен мойынды да бүркейді. Ұшы тізесіне жетуі мүмкін.

3. Керудунг 

Жилбаб жәнекерудунг – Индонезия мен Филиппинде танымал хижаб үлгісі. Ол бастан-аяқ қымтап тұрады, әйелдің жүзін көрсететін саңылауы болады. 

4. Шадор 

Ирандық әйелдердің хижаб үлгісі. Әйел адамның өкшесіне дейін түсіп тұратын хижабтың бұл үлгісін тек ирандық әйелдер ғана емес, сонымен қатар, ирак, Либанның кей бөлігінде жамылады. Шадор шиғалар дәстүрімен ұштасқан. 

5. Тюрбан 

Африкалық әйелдердің хижаб үлгісі. Ол басты ғана орайтын, ал мойынды ашық қалдыратын үлгі. Аптап ыстық мен шақырайған күн астында тюрбаннан қолайлысы жоө деп есептейді жергілікті әйелдер. Эфиопияда, Суданда және Сомалиде тюрбанды шариғат шәлісін санау қалыпты құбылысқа айналған. 

6. Никаб

Никаб – Саудиялық әйелдердің ресми хижаб үлгісі, дененің барлық жерін бүркеп тұрады, бет-аузын да тұмшалағанымен көз үшін саңылау қалады.

7. Ешарп 

Түрік әйелдері хижаб үшін сәнге айналған мата – ешраптан тігіледі. Шаршы матаның жібек қиындысы бас пен мойынды тұтас жауып тұрады. 

8. Амира 

Амира – сириялық мұсылман әйелдердің хижаб үлгісі. Барынша қарапайым, ешқандай түйме мен сырмасы болмайды. Екі қиындыдан тұрады. Біреуі – басқа, екіншісі – денеге арналған.

0 пікір
Мұрағат