Оңтүстік Америка елдері де Израилге байкот жариялады
Оңтүстік Америка елдері де Израилге байкот жариялады
2 жыл бұрын 1139

Оңтүстік Америкадағы мемлекеттердің бірқатары Израилдегі елшіліктерін жауып, жөйттерге байкот жариялады. Соның ішінде осынау құрлықтарғы ең алып ел саналатын, жуырда ғана футболдан әлем біріншілігін өткізген Бразилия Газа секторындағы Израилдің әскери операциясына наразылық танытып, осы елдегі елшісін кері шақырып алды. Сондай-ақ, Бразилия Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі кеңесінде Израилдің басқыншылығынан туындаған қылмысты тексеруге дауыс берді. Бразилиядан кейін Перу мен Сальвадор да Израилдегі елшіліктерін жауып тастады. Шілде айының 29-ы күні Чили билігі де Израилдің әскери жорығын сынға алып, бейбіт тұрғындардың қынадай қырылып жатқанынан алаңдаушылық білдірді. Бұл елдің де елшісі кері қайтарылды. Тек елшісі қайтарылып қана қоймай, Израилмен қандай да бір байланыс орнатудан үзілді-кесілді бас тартты.

1 пікір