Данияда ерекше хайуанаттар бағы ашылады
Данияда ерекше хайуанаттар бағы ашылады
10 жыл бұрын 3916

Данияда ерекше хайуанаттар бағы ашылатын болды. Ерекшелігі сонда, алдағы уақытта ашылатын хайуанаттар бағында аңдар мен құстар өздерін қамап ұстағанын сезбейтін болады. Яғни, даниялықтар тіршілік иелеріне қиянат көрсетпеуге барынша күш салып, аңның еркін жортуына, жануарлардың еркін жайылуына, құстың самғап ұшуына кедергі келтіретін ескі темір тордан бас тартады. Осы мақсатта Bjarke Ingels Group сәулетшілері өзгеше дизайн ойлап тапты. Zootopia бағында хайуанаттар адамдардың жанында мүлдем сезбейтін болады. Аң мен құсты тамашалауға келген жұртшылық айна тәрізді шардың ішінен хайуанаттардың тыныс-тіршілігін бақылай алады. Хайуанаттар бағының аумағы 120 гектарға жобаланып отыр. Хайуанаттарды тамашалауға келгендер велисопедке ұқсас құрылғы арқылы бүкіл бақты аралап шығуға мүмкіндік алады. Хайуанаттар бағы құрылысының алғашқы кезеңі 2019 жылы аяқталады. 

 

 

 

 

 

 

 


0 пікір
Мұрағат