Неке қидырғысы келетін жұптарға психиатрдың тексеруінен өтуді міндеттейтін заң қабылдануы мүмкін
Неке қидырғысы келетін жұптарға психиатрдың тексеруінен өтуді міндеттейтін заң қабылдануы мүмкін
4 жыл бұрын 2296 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Болашақ ерлі-зайыптылар неке қидырмас бұрын психикалық ауытқуы бар-жоғын анықтайтын тексеруден өтуге міндеттелуі мүмкін. Аталмыш бастаманы Ресей Федерациясына қарасты Ленинград облысының депутаты Владимир Петров көтерген болатын. Бұл жайында medpulse.ru ақпарат көзі хабар таратты. Депутаттың мұндай бастама көтеруіне не себеп болды? Оның айтуынша, бұл шара ажырасудың алдын алуға әрі отбасы құндылығын сақтауға көмектеседі. Десе де аталмыш шараның қаншалықты тиімді болатынын анықтайтын нақты өлшемдер жоқ. Суға кеткен тал қармайдының кері – соңғы жылдары ресейлік отбасыларында зорлық-зомбылық, тұрмыстық ұрыс-керіс көбейген. Отбасы, ошақ қасындағы дау-жанжалдың көбісі үйленбей тұрып ерлі-зайыптылардың бір-бірінен жасырған жеке басқа қатысты мәліметтерге (мәселен, ауруын, т.б. жасыру) байланысты өрбитіні белгілі болған. Мәскеу қаласының бас психиатры Георгий Костюк мәлімдегендей, 1992 жылы психикалық ауытқудан кемтар болғандар қарасы ел тұрғындарының 100 мың адамына шаққанда 370 адамнан «айналса», бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 720 адамға жеткен. Ал өткен жылдың мамыр айында Н. И. Пирогов атындағы институттың писхиатрия және медициналық психология кафедрасының меңгерушісі әрі медицина ғылымдарының докторы Андрей Шмилович мәлімдегендей, ел тұрғындарының әрбір төртінші-бесінші тұрғыны, яғни, ел азаматтарының 20-25% психикалық аурулардан зардап шегеді. Ал психикалық аурулардың түп-төркінін жалпылама капиталистік қоғамға тән стресс пен күйзелістен көретіндер қарасы көп. 

0 пікір
Мұрағат