Саудия билігі қажылықтан бас тарта тұруға шақырды
Саудия билігі қажылықтан бас тарта тұруға шақырды
4 жыл бұрын 1842 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияның қажылық министрі Мұхаммед Салық Бинтен исі мұсылманға үндеу жолдады: жұқпалы індеттің өршуіне байланысты қасиетті сапарды тоқтатуға шақырды. Бұл жайында бүгін Al Arabia ақпарат көзі хабар таратты. Десе де қажылыққа қатысты істерге жауапты лауазымды тұлға, сондай-ақ, қажылық жасауға шектеу қойылмағанын немесе тыйым салынбағанын, яғни, қаыларды қарсы алуға дайын екендерін мәлімдеген болатын. Алайда, жұқпалы індеттің өршіп тұруына байланысты қажылықты кейінгі шегере тұруға кеңес берді. «Саудия қазіргі уақытта елдеріне жете алмай отырған 1 мың 200 қажыға жәрдем көрсетіп атыр. Біз қажылығын орындай алмай қалғандардың қаражатын да қайтардық»,- деді артынша. Естеріңізге сала кетсек, жұқпалы індеттің таралуына байланысты қажылардың қауіпсіздігі мен бас амандығын ойлаған Саудия билігі қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларындағы мешіттердің ішінде намаз оқуға тыйым салған.

0 пікір
Мұрағат