Мұсылмандарды қорғаған бойжеткен ғаламтор жұлдызына айналды
Мұсылмандарды қорғаған бойжеткен ғаламтор жұлдызына айналды
9 жыл бұрын 5493

Стэйси Эден есімді австралиялық бойжеткен мұсылман әйелін қорғап, ғаламтор жұлдызына айналды. Нақтықрақ айтқанда, бұл жағдай метрода орын алған болатын. Ашуға мінген егде әйел өзімен бірге бір вагонда кетіп бара жатқан мұсылман әйеліне соқтығысып, айтпағаны қалмайды: «Оның қалай киінгенін қараңдар! Сендер – жиһадшылсыңдар! Сендер секілділердің кесірінен  Martin Place-те адамдар қырылды (өткен жылы осы көшеде орналасқан кафеде террористер адамдарды кепілдікке алып, үшеуін өлтірген болатын – ред.)». Ашулы әйелдің жанында тұрған 23 жастағы Стэйси Эден оның жалаға толы бұл сөздеріне төзіп тұра алмады: «Ол сіз секілді жүгенсіз кеткен адамдар үшін емес, өзі үшін шариғат шәлісін жамылады. Ол тәнін жалаңаштамау үшін осылай киінеді. Сіздің оған бұлай дүрсе қоя беруге қақыңыз жоқ.  Martin Place-те болған оқиғаға оның еш қатысы жоқ. Адамдарды сыйлап үйреніңіз. Адамдарды киіміне немесе түріне қарап баға беруге болмайды». Куәгерлер олардың арасындағы тартысты видеоға түсіріп, артынан әлеуметтік желіге орналастырған екен.

2 пікір
Мұрағат