Баласы мойнына мініп алса да намазды соңына дейін оқыды (видео)
Баласы мойнына мініп алса да намазды соңына дейін оқыды (видео)
2 жыл бұрын 841

Баласы мойнына, арқасына мініп алса да намазын үзбей, соңына дейін оқыған түрік жігітіне әлемнің әр түкпірінен ата-аналар тарапынан білдірілген жылы лебіздер қарша жауып кетті. Ғаламторға видеосы орналастырылған жігіттің құлшылығын үзбей Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) сүннетін орындап, өсиетіне адалдық танытқаны мұсылмандар үшін таңсық көрініс болмаса керек. Ерке ұлы Түркиядағы мешіттердің бірінде намаз оқып жатқан әкесінің арқасына қарғып, мойнына мініп, ойнақ салса да әкесі тепе-теңдігін жоғалтқан жоқ. Бұл көрініс мешіттің бақылау камерасына түсіп қалған екен.

0 пікір