Мешіттерге салық салынады
Мешіттерге салық салынады
5 жыл бұрын 2673 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германия билігі ел аумағындағы мешіттерге неміс қоғамында өмір сүріп жатқан мұсылман жамағатына тигізер Түркияның, Иранның және Саудияның ықпалын кеміту мақсатында салық салатын болып шешті. The Times ақпарат көзі хабарлағандай, мұсылмандар табыс салығымен қатар қосымша 8-9% "шіркеу салығын" төлеуге міндеттеледі. Аталмыш елдің ішкі істер министрі Хорст Зеехофер осы орайда елдегі мұсылмандарды өз-өзін қамтамасыз етіп, шетелдік көмекке тәуелді болмауға үндеді. Сөз орайы келгенде айта керек, Германия аумағында ресми мәлімет бойынша шамамен 5 млн мұсылман өмір сүреді. 2700 мешіт бар. Олардың денін Түркия тарапы қаржыландырады. Өйткені, аталған елде түрік диаспорасы көп. 

0 пікір
Мұрағат