Ұрық ДНК-сына тәжірибе жасауға тыйым салынды
Ұрық ДНК-сына тәжірибе жасауға тыйым салынды
5 жыл бұрын 3306 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі эмбрион ДНК-сын редакциялауға (өзгертуге) байланысты кез келген зерттеу түріне қатаң тыйым салды. Қытай билігі мұндай қадамға Хэ Цзянькуй есімді қытай ғалымының адамзат тарихында тұңғыш рет гендік тұрғыдан модифицияланған егіз қыздардың дүниеге келуіне байланысты жасаған мәлімдемесі түрткі болды. Осыған байланысты Қытайдың ғылым және технология министрінің орынбасары Сюй Наньпин мұндай зерттеулерге тыйым салынғанын мәлімдеді. Хэ Цзянькуй осы аптада әлем қауымдастығын ерекше жаңалығымен елең еткізген еді: ВИЧ дертіне ағзасы төзімді егіз қыздардың дүниеге келгенін жаһанға жария салған болатын. Олардың ДНК-сын редакциялау арқылы осындай жетістікке қол жеткізгенін де айта кету керек. Әйтсе де оның бұл жаңалығы әріптестері тарапынан да, билік тарапынан да қатаң сынға ұшырады. Ол ол ма, Қытайдың денсаулық сақтау әрі жоспарлы бала туу жөніндегі мемлекеттік комитеті тиісті тексеру-тергеу жұмыстарын бастап та кетті. Ал ғалымның өзі не дейді? Ол өзінің бұл жаңалығын мақтан тұтанынын, өйткені, адамзат тарихында тұңғыш рет ұрықтың ДНК-сын өзгерту арқылы түрлі қатерлі дертке төзімді ұрпақ өсіруге болатынын мәлімдеді. Оның тәжірибесіне өз еркімен жеті жұп қатысқан. Репродуктивті ем-шара кезінде олардың эмбрионына өзгерістер енгізген. Тек бір жүктілік қана ойдағыдай нәтиже берген. Әзірше. 

0 пікір
Мұрағат