Балалардың жазығы неде
Балалардың жазығы неде
5 жыл бұрын 3288 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда, Сирияда бес жылға созылған соғыс барысында 7 мыңнан аса бала көктей солған. Арнайы мониторингтік тобы ұсынған есепте 2013 жылдың қараша айынан 2018 жылдың маусым айына дейінгі аралықта кәмелет жасына толмағандар туралы мәліметтер бар. Аталған мерзім аралығында 7 мыңнан аса бала соғыс құрбаны болса, 3300-ден аса баланың қолына қару ұстатып, әскери қақтығыстарға тартылған. Соғыстың сойқанынан бас сауғалап, босып кеткен 6,2 млн адамның 42%-ын кәмелет жасына толмағандар құрайды немесе 2,6 млн бала. Инфрақұрылымның жермен-жексен болуына байланысты балалар білім алу және медициналық жәрдем көру мүмкіндігінен айырылған. Жалпы алғанда, есептегі мәлімет бойынша 12 537 рет балалар құқығы өрескел бұзылған. Ал БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қыстың көзі қырауда миллиондаған балалар көшеде қыстап шығуға мәжбүр екенін айтып, дабыл қағуда. Африка құрлығының солтүстігінде және Таяу Шығыста бір миллионға тарта бала үйсіз-күйсіз қаңғып жүр. Соғыс пен түрлі қарулы қақтығыстың кесірінен. БҰҰ Балалар қорының аталған аймақтардағы өкілі Герт Каппелер оларды қыстан жаурамай өтуі үшін 33 млн доллар қажет. Алайда, мұндай қаражат жоқ. Балалардың дені суық тиюден, медициналық көмекті ала алмаудан, тойып тамақ ішпеуден, т.б. көктей солып жатыр. Десе де Сириядағы, Ирактағы, Иорданиядағы, Ливандағы, Түркиядағы және Мысырдағы 1,3 млн балаға жәрдем көрсетудіжоспарлап отыр. Қыстың көзі қырауда қысқа жіп күрмеуге келмесе де.  

0 пікір
Мұрағат