Меркель: Германияда исламофобияға жол жоқ
Меркель: Германияда исламофобияға жол жоқ
9 жыл бұрын 3084

Германия канцлері Ангела Меркель жуырда Дрезден қаласында осы елдегі мұсылмандарға қарсы өткен шеруді ұйымдастырғандарды айыптай келе діни азшылықты құрайтындарға қатысты қандай да бір нәсілдік немесе ұлттық кемсітушілікке жол берілмейтінін кесіп айтты. «Босқындардың үйін айғыздап, радикалды ұран көтеріп шыққандарға төзуге болмайды», - деп мәлімдеме жасады. Бұл жайында Reuters ақпарат агенттігі хабар таратты. Канцлердің ресми өкілі Кристиан Верц те Германияда адамдардың діни наным-сенімі мен ұлтына қарай жікке бөлетін исламофобияға, антисемитизмге, ксенофобияға жол берілмейтінін мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат