Мэр мұсылман оқушыларына шошқа етін жеуге мәжбүрлеуде
Мэр мұсылман оқушыларына шошқа етін жеуге мәжбүрлеуде
2 жыл бұрын 1168

Францияның Сарже-ле-ле-Ман шағын қаласының әкімі Марсель Мортро жергілікті мектептерде оқитын мұсылман оқушыларын доңыз етімен тамақтандыратынын мәлімдеді. Секуляризмді (қоғамды діннің ықпалынан ажыратуды көздейтін саяси ағым) насихаттау үшін осындай қадамға баратынын да жасырмады. Бұл жайында The Local ақпарат көзі хабар таратты. Яғни, 2015 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап, мұсылман оқушылары аш қалатын болды. Үстіміздегі жылдың бас кезінде француздардың ультраоңшыл ұлттық майдан партиясының жетекшісі Марин Ле Пен де мектеп асханаларында мұсылман оқушыларына арналған ас мәзіріне тыйым салу турасында мәлімдеме жасаған болатын.

 

0 пікір