Португалия да Палестинаның тәуелсіздігін мойындады
Португалия да Палестинаның тәуелсіздігін мойындады
2 жыл бұрын 640

Португалия парламенті Палестина тәуелсіздігін мойындады. Яғни, 217 депутаттың 203-і Палестинаның 1967 жылға дейінгі шекарасын мойындап, мемлекеттігін жақтап, дауыс берген. Бұл жайында World Bulletin ақпарат көзі хабар таратты. Бұл құжат ел үкіметін ештеңеге міндеттемесе де парламент сессиясына қатысқан Португалия сыртқы істер министрі Руй Мачете осынау бастамаға қолдау білдіріп, Палестина тәуелсіздігін мойындаудың уақыты келгенін мәлімдеді. Өздеріңізге бұрын хабарлағандай, Ұлыбритания, Франция, Испания, Ирландия және Швеция елдері Палестина тәуелсіздігін мойындаған болатын. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 18-і күні Брюсселдегі Еуропарламентте Палестина тәуелсіздігін мойындау турасындағы қарарға қатысты дауыс беру рәсімі өтеді.  

0 пікір