Клондалған мысықтар жаппай саудаға шығарылып жатыр
Клондалған мысықтар жаппай саудаға шығарылып жатыр
5 жыл бұрын 3012 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сіз үйіңіздегі мысықты клондау үшін 25 мың долларды жұмсауға дайынсыз ба? Үй жануарларын клондайтын Қытайдағы алғашқы компания мысықты клондау үшін осындай баға ұсынып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталған елде мысық алғаш рет 2019 жылдың маусым айының 21-і күні клондалған болатын. Гарлик деп аталатын мысықты Бейжің қаласында орын тепкен Sinogene Biotechnology Company-сы клондаған еді. Аталмыш фирма тек мысықты ғана емес, сонымен қатар, Лун Лун атты итті де клондаған болатын. Осыдан екі жыл бұрын. Өз мысығын клондағысы келетін клиенттер осы қызмет үшін 35 мың 400 долларды қалтасынан санап беруі тиіс. Ал итті клондау бағасы бұдан қымбатырақ – 53 мың 800 доллар. Аталмыш компания өкілдері өткен жылы 20 иттің генетикалық көшірмесін жасағанын мақтанышпен жеткізді. Алдағы уақытта  – дәлірегі, бес жылда клондалатын иттердің санын жылына 500-ге жеткізуді жоспарлап отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, клонын алу үшін тірі жануардың жасушасы керек. Оны суррогатты құрсаққа салады. Ғытай ғылым академиясының ғылыми қызметкері Лай Лянсюэнің айтуынша, клондаудың барлық процесі шамамен екі ай уақыт алады. Иті мен мысығы өліп қалса, одан естелік болып қалуы үшін иті мен мысығын клондауға тапсырыс берген клиенттер қарасы артып келеді. Қытайдың біз сөз етіп отырған аталмыш компания мамандары алдағы уақытта жасанды интеллекті мен адам-машина интерфейс технологиясының көмегімен клондалатын ит пен мысықтың тек түр-тұлғасын ғана емес, сонымен қатар, мінезі мен жадысын да көшіруді ойластырып отыр. Қытай ғалымдарының уәжіне қарағанда, клондауға кететін шығын аз қандай да бір машыққа дағдыландыруға жұмсалатын уақыт пен шығынға қарағанда. Мәселен, полициялық ізшіл иттерді белгілі бір машыққа дағдыландыру үшін көп уақыт пен қаржы жұмсамай-ақ, клондау арқылы дайын түріне ие болуға болады. Экономикалық жағынан тиімді саналғанымен, мұндай технологияның этикалық жағынан адамгершілікке қаншалықты сай келетінін айту қиын. Тағы бір айта кететіні, Қытайда үй жануарларын ұстау сәнге айналып, кеңінен етек алып келеді. Бір ғана Қытайда 50 млн адам үйде ит асырайды екен. 

0 пікір
Мұрағат