Компания қызметкерлеріне ит пен мысығын өзімен бірге жұмысқа ала келуге рұқсат етті
Компания қызметкерлеріне ит пен мысығын өзімен бірге жұмысқа ала келуге рұқсат етті
5 жыл бұрын 2112 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапониядағы компаниялар өз қызметкерлеріне жұмысқа ит пен мысығын жұмысқа алуға рұқсат етті. Күншығыс елінің «Киодо Цусин» ақпарат агенттігі таратқан хабарға қарағанда, ит пен мысығы жанында болған қызметкерлер ештеңеге алаңдамай бар назарын жұмысқа аударады-мыс. Мәселен, Ferray деп аталатын ақпараттық технологиямен шұғылданатын жапон компаниясы өз қызметкерлеріне 2020 жылға дейін жұмысқа иті мен мысығын ала келуге рұқсат етіп отыр. «Біз жануарларға кеңседе еркін жүріп-тұруына рұқсат етеміз. Кейде жануарлардың кесірінен құрал-жабдықтарымызға зақым келіп жатады. Алайда, шығынынан гөрі әкелетін пайдасы көп»,- деп соқты Ferray президенті Хидэнобу Фукуда. Ол ол ма, аталмыш компания үйсіз-күйсіз қаңғып жүрген ит пен мысықты асырап алғандарға 100 доллар мөлшерінде сыйақы береді. Кейбір компаниялардың кеңсесінде ит пен мысыққа арналған ойын бөлмелері бар.

0 пікір
Мұрағат