Жасанды ет өндірісінің кәдімгі ет өнімдерінен қандай айырмашылығы бар
Жасанды ет өндірісінің кәдімгі ет өнімдерінен қандай айырмашылығы бар
1 ай бұрын 821 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израилдік Future Meat Technologies компаниясы жасанды ет өндірісінің желі құрлысына 14 млн доллар мөлшерінде қаржы тартты. Бұл жайында TechCrunch ақпарат көзі хабар таратты. Future Meat Technologies компаниясы арнайы биореакторда жануарлардың жасушасынан ет өсіру технологиясын әзірлеген болатын. Дәстүрлі мал шаруашылығымен салыстырғанда аталмыш технологияның артықшылығы жетіп артылады. Атап айтқанда, парникті газдың бөлінуін 80%-ға кемітіп, жайылымның аумағын 99%-ға пайдаланбауға мүмкіндік береді және су ресурсын пайдалануды 96%-ға азайтады. Яғни, көп нәрседен үнемдеуге мүмкіндік береді. Соған қарамастан жасанды еттің дәмі қойдың немесе сиырдың етінен еш айырмашылығы болмайды. Қазіргі уақытта аталмыш компания жасанды ет өндірісінің өзіндік құнын төмендету бағытында жұмыс істеп жатыр. S2G Ventures, Emerald Technology Ventures, Tyson Ventures, Bits x Bites секілді венчурлық фирмалардан тартылған 14 млн доллар өндіріс құрылысына жұмсалады. Жасанды ет өндірумен айналысатын компания 1 келі жасанды етті өндіруге кететін шығынды екі жыл ішінде 22 долларға дейін төмендетуді көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат