Жануарларды қорғау бағытында елеулі қадам жасалды
Жануарларды қорғау бағытында елеулі қадам жасалды
5 жыл бұрын 4010 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Калифорния тұрғындарына көп ұзамай жабайы жануарлардың, яғни, аң терісінен тігілген сырт киімдер мен тонды немесе ішікті сатуға және сатып алуға тыйым салынады. Аталмыш штат губернаторы Гэвин Ньюсом тиісті жарлыққа қолын қойды. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты. Белгілі болғандай, аң терісінен тігілген киімдер мен бұйымдар саудасына тыйым салатын заң 2023 жылы қолданысқа енді. Бұдан бөлек, жануарлардың бірталайын циркте пайдалануға тыйым салатын заң жобасы мақұлданды. Аталмыш заң талабын бұзғандарға 500 доллар мөлшерінде айыппұл салынады, ал екінші рет қайталанса, бұл көрсеткіш екі есеге артып, 1000 доллар айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Десе де бұл тыйымды сынға алып, қарсы шыққан наразы топтың айтуынша, қабылданған заң азаматтарға не киіп, не қою керектігін бұйыратын радикалды бағдарлама деңгейінен аспаған.

0 пікір
Мұрағат