Нобел сыйлығының иегері қатерлі ісіктің ең басты пайда болу себебін атады
Нобел сыйлығының иегері қатерлі ісіктің ең басты пайда болу себебін атады
5 жыл бұрын 4351 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы уақытта қатерлі ісіктің пайда болуын түрлі себептерден көргенімен олардың дені гипотеза деңгейінен аса алмай жататын. Әлі күнге емі табылмаған дерттің бетін қайтару үшін алдымен оның нақты қандай фактордан пайда болатынын анықтап алу керек. Бұл бағытта тынбай ізденген ғалымдардың арасында химия аталымы бойынша Нобел сыйлығын қанжығасына байлаған Томас Линдалдың сөзі көкейге қонады. Оның айтуынша, обырдың пайда болуының ең басты себебіне жасушалардың табиғи қызметінің бұзылуы жатады. Ал жасушалар қызметінің бұзылуына анау айтып жүргендей радиация немесе канцореген емес, жасушы ішіндегі процестің салдары себеп болмақ. Дәлірегі, судың ыдырауы мен оттегінің агрессиялық формасының пайда болуына байланысты бұзылады. Бұл өз кезегінде ДНК-ның зақымдалуына апарып соқтырады. ДНК-ның репарациялық тетігі (қалпына келуі) істен шығып қалады кейде, міне, сол кезде жасушада обырға апарып соқтыратын мутация пайда болады. Әлемге әйгілі биохимик бұл тұжырымын Мәскеу мемлекеттік университеті қабырғасында өткен бүкіл ресейлік XIV Nauka 0+ фестивалінде мәлім етті. Осылай дей ол обырдың алдын алу мүмкін емесін алға тартты, өйткені, оттегі мен су ағзаның тіршілігік ететін көздері.

0 пікір
Мұрағат