Жапония мен қытай бәсекелесі... Қайсы елдің бәсі жоғары? Несімен жоғары?
Жапония мен қытай бәсекелесі... Қайсы елдің бәсі жоғары? Несімен жоғары?
5 жыл бұрын 2571 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы уақытта экономикалық белсенділігі жанданған оңтүстік-шығыс Азияда Жапония мен Қытай бір-бірімен бәсекелес елдерге айналған. Сарапшылардың айтуынша, бұл майданда Қытай ұрыста жеңіске жеткенімен соңғы жеңіске Жапония ие болып қалмақ. Қалай? Қытай билігі тарихи Жібек жолының осы заманғы жаңғыртылған нұсқасы болып табылатын "Бір белдеу -бір жол" ғаламдық жобасы аясында аталған аймақ инфрақұрылымына инвестиция құйып жатыр. Десе де Жапония аймақтың дамуына мол қаржы бөліп отырған негізгі ресурс көзі. Қазіргі уақытта жапондар инвестиция мөлшері бойынша қытайлармен бәсекеге түсе алмайды. Алайда Жапония репутациясына байланысты аймақта ықпалды күшке айналып, қытайда "шаң қаптырып" кетпек. Жапон үлгілері мен жобалары Азияның дамушы елдерінде сапалығымен тартымды. Ең бастысы, қауіпсіздік талаптарымен, экологияға тигізер зиянының болмауымен, кедейлікті жою деңгейімен және тиімділікті арттырумен Қытайды ығыстыра алады. Мәселен, халықаралық жапон банктері мәлімдегендей, Вьетнамға айлақтар мен автомагистралды жетілдіру үшін берген қарызы аталған елдің ауыл шаруашылық табысын арттырып қоймай, сонымен қатар, кедейлік деңгейін төмендеткен. Ал салыстыру үшін алсақ, "Бір белдеу - бір жол" жобасының тек қытай мүддесіне құрылғандықтан оның өзге халықтардың дамуына берері аз. Тіпті, қауіпті. Қытайға тәуелді болып қалу қаупі жоғары. Күдік тудыратын қытай әрекетін мынадан байқауға болады: Қытайдың инфрақұрылымдық жобаларға несие беретін аса ірі банктері тиісті ақпаратты мердігерлер таңдалып қойған соң жариялап жатады. Қытай тарапы осылайша жергілікті ресурсты (еңбек, яғни, жұмысшы күшін, құрылыс материалдарын, т.б.) пайдаланбай Қытайдан алдырып жатады. Мұндай мысалдар іздесеңіз тізіліп шыға береді. Өткен жылдың қараша айында күншығыс елінің премьер-министрі Синдзо Абэ оңтүстік*шығыс Азия елдеріне аймақта ақылды қалалар тұрғызуы үшін бес жыл ішінде өңдеу және цифрлық өнеркәсіп саласының 80 мың маманын әзірлейтінін мәлімдеген болатын. 

0 пікір
Мұрағат