Қатерлі ісікті емдеу ақысын өз мойнына алған мемлекет
Қатерлі ісікті емдеу ақысын өз мойнына алған мемлекет
5 жыл бұрын 2206 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Арменияда қатерлі ісікті сылып тастау отасының шығыны мемлекет есебінен өтеледі. Бұл жайында қаңтар айының 23-і күні аталмыш елдің денсаулық сақтау министрі Әрсен Торосян мәлім етті. Министрлің айтуынша, 2019 жылы ел билігі халыққа ота бойынша медициналық қызмет көрсету саласын 700 млн драмға қаржыландыратын болады. Өткен жылы бұл мақсатқа 1,1 млрд драм бөлінген екен. Десе де шығынын мемлекет көтеретін қатерлі ісік отасы денсаулық сақтау министрлігі таңдаған емханаларда жасалады. Сондай-ақ, аталған елде әр курсы 1 млн драм тұратын сәулемен емдеу қызмет ақысы да мемлекет тарапынан төленетінін жария етті. 

0 пікір
Мұрағат