Жаңа жылды жақтаған сот Сұлтанахметованы қара жұмысқа жегу туралы үкім шығарды
Жаңа жылды жақтаған сот Сұлтанахметованы қара жұмысқа жегу туралы үкім шығарды
2 жыл бұрын 956

Әлеуметтік желіде мұсылмандарды Жаңа жыл мейрамын атап өтпеуге шақырған Елмира Сұлтанахметованы 120 сағат тегін жұмыс істеуге міндеттейтін үкім шығарды Свердлов облысының Первоуральск соты. «Сот менің қорғауымдағы Елмира Сұлтанахметованы өзге дінге қатысты жаулық танытты деген айып тағылды (Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 282 бабының 1-ші тармағы бойынша)», - деді қорғаушы Роман Качанов «РИА Новости» ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. Тергеу материалдарында айтылғандай, Елмира Сұлтанахметова 2013 жылдың желтоқсан айында әлеуметтік желіге Жаңа жылды «дінсіздердің мерекесі» деген жазба қаалдырған екен.

3 пікір
  • Жаңа жылды қарсы алмау керек деу арқылы Исламды көтере алмаймыз. Сабырмен жете аламыз. Ислам ілімі туралы насихат көп болса "Жаңа жыл" жол-жөнекей өзінен-өзі қалады емес пе.
    2 жыл бұрын
  • Елмираның істегені дұрыс емес деп санаймын, ол Ресей Федерациясында тұрып, сол елден нәпақасын тауып жүріп, сол елдің салт-дәстүрін, мейрамын құрметтемей, іріткі салды
    2 жыл бұрын
    • Жана жылды тойламау керек деп Ресейде жалғыз Елмира ғана айтыппа? Орыстардың өзі арнайы видеоролик түсірген, мен көрдім, оның қандай ысырап екенін, қандай зияны бар екені, негізі қайдан алынғаны туралы айтылған. Соларға неге жаза қолданбайды,
      2 жыл бұрын