«Балық басынан шіриді»
«Балық басынан шіриді»
2 жыл бұрын 1004

Азғындық жария сипат алып қоймай, билік басындағыларды да жағалай бастады. Нақтырақ айтқанда, еліне үлгі көрсетіп, жөн сілтейді деген билік тізгінін ұстағандар да арсыздық істеп, азғындыққа баруда. Люксембургтың премьер-министрі Ксавье Беттель өткен жұмада белгиялық сәулетші, әлемге әйгілі орыс композиторы Сергей Рахманиновтың ұрпағы – Готье Дестенэмен некелесті. Олар бұрыннан бері бір шаңырақтың астында өмір сүріп келеді. Алайда, жуырда ғана заңды түрде некелерін қидырған. Төмендегілерді былай қойғанда төрдегілерді де құрығына түсіре бастаған бұл арсыздыққа – бір жыныстылардың неке қидыруына және қызтекелердің бала асырап алуына заң жүзінде тыйым салынған болатын. Алайда, парламент депутаттары осыдан бірнеше ай бұрын бұл тыйымның күшін жойды. Қызткелердің үйлену тойы өткен демалыс күндері өтті. Оған 500-ге жуық мейман қатысты. Кәрі құрлықта мұндай неке алғаш рет қиылып отырған жоқ: бұрын Исландияның премьер-министрі де осындай қадамға барған болатын.

2 пікір
  • Еуропаны Ислам діні басқарар уақыт жақындап келеді!
    Іріп-шіріп бара жатқан кәпірлердің осылай азғындап, азайып, жойылып бітетінінің айғағы бұл "неке"
    Карл Маркс айтқаны бар еді: Еуропаны бір елес кезіп жүр, ол коммунизм елесі деп. Ол Коммунизм емес ИСлам діні екенін шатастырып алған ғой!
    Ислам әлем діні болары хақ шындық! Аллаһу Акбар!
    2 жыл бұрын
  • Сумдыкай маскара,арсыздар
    2 жыл бұрын