Исламға тіл тигізген мұғалім қызметінен айырылды
Исламға тіл тигізген мұғалім қызметінен айырылды
2 жыл бұрын 718

E-ISLAM ақпарат көзінің хабарлауынша, шіркеу қызметкері әрі британдық оқытушы сабақ үстінде Ислам дініне орынсыз килігіп, күйе жағып, тіл тигізе бергені үшін өмір бойы мұғалімдік қызметінен аластатылды.

Роберт Уэст есімді шіркеу қызметшісі мектепте қыз балаларына берген дәрісінде Мұхаммедтің үмметіне «аллергиясы» бар екендігін кезекті рет қайталап айтқан. Ол сондай-ақ өзінің бір сабағында мұсылман халқын шайтанға табынады деп те күстаналаған екен. Оның бұл қылығына мектеп оқушылары мен өзге де әріптестері реніш білдірген.

Алайда, ел алдындағы абыройсыздығына басы ауырмаған шіркеу қызметкері Роберт әлі күнге «іріген ауызынан шіріген сөздерін» жаюдан танбаған.

Дін ағартушысының осындай оспадарсыз, ақылсыз қылығы қоғамның көтерілуіне әкеліп, білім ведомствасы әлгі мұғалімнің мінез-құлқын педагогтікке сай емес деп шешіп, қызметтен өмір бойына аластатты.

0 пікір