Қажылықтың құрметіне күмістен тиын жасалды
Қажылықтың құрметіне күмістен тиын жасалды
2 жыл бұрын 954

Татарлардың қор банкі қажылықтың құрметіне күмістен 200 дана ескерткіш тиын шекілді. Тиынды безендіруге республикалық мүфтият мамандары атсалысты. Бұл жайында Татарстан Республикасының Мұсылмандар діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Салмағы 124,4 грамдық тиын 999 пробалық күмістен шекілген. Бұл бұйымның қабы қасиетті Қағба түрінде жасалған. Тиынның бір жақ бетінде нұрлы Мәдина шаһарындағы мұсылмандар үшін екінші қасиетті орын саналатын Мәжит ән-Науаи мешітінің бейнесі көрініс тапқан. Ал келесі бетінде қажылық парыздың үш символы болып табылатын – қасиетті сапарға дайындықты білдіретін беті жабық Құран, қажылықтың біткенінен хабар беретін беті ашылған Құран және Қағба бейнеленген. Үшеуі де әл-Харам мешітінің аясында бейнеленген.

 

«Бюджеттік» қажылық жобасы жүзеге асырылды

Сауд Арабиясының Қажылық министрлігі биылғы жылғы «бюджеттік» қажылық құны 3 000 (шамамен $800) мен 5 000 риал аралығында болатыны туралы шешім шығарды. Бұл жайында muslim.kz ақпарат көзі хабар таратты. Сондай-ақ, басқарма басшылығы арзандатылған қажылық пакеттерін ұсынатын жергілікті компаниялардың жаңа тариятерге көшетінін мәлімдеді. Биылғы жылы Мина жазығы мен Арафат тауындағы қажылар лагерінде барлық қызмет түрі көрсетілетін болады: күніне үш мезгіл ыстық тамақ, су, алкогольсіз сусындар, дәрігерлік тексерулер және күзет қызметі.

0 пікір