Дәрігер ота жасаған науқастың ішінде ұялы телефонын ұмытып кеткен
Дәрігер ота жасаған науқастың ішінде ұялы телефонын ұмытып кеткен
9 жыл бұрын 3216

Иорданияның 36 жастағы тұрғынына кесарь тілігін жасаған дәрігер әйелдің ішінде ұялы телефонын қалдырып кеткені белгілі болды. Бұл жайында nur.kz сайты «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Ханан Махмұд Әбдікәрім осы жылы сәуірде кесарь тілігін жасату арқылы босанған. Оған отаны Амман жеке ауруханаларының бірінде жасаған. Нәтижесінде дүниеге дені сау бала келді. Нәрестенің жағдайы жақсы.

Алайда, анасының денсаулығы күрт нашарлай түскен. Ханан үйіне оралғаннан кейін туыстары оның іші «дірілдейтінін» байқаған. Әйелдің іші қатты түйіліп ауырып, қозғала алмай қиналған, деп хабарлайды Росбалт.

Әйелді дереу ауруханаға жеткізеді. Алайда дәрігерлер оның денсаулығы жақсы екенін айтты. Артынша әйелді әл-Баширдегі мемлекеттік клиникаға жеткізеді. Онда рентген қорытындысы әйелдің ішінде бір зат бар екенін көрсеткен, тексеру барысында ол зат ұялы телефон болып шықты. Бұл гаджетті науқастың ішінде баланы босандырған дәрігер ұмыт қалдырған болуы мүмкін.

Ханан ісінің жанжал тудырғаны соншалық, мәселе ел парламентінде талқыланды. Депутаттардың бірі тіпті, бұдан кейін Иордания үкіметінен «азаматтарға деген титтей сыйластығы қалса», отставкаға кетуін талап етті. Ал осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі бұл оқиғаның жалған екенін мәлімдеуде.

Әзірге Иорданияның құзыретті органдары тыңғылықты тергеу жүргізуде.

0 пікір
Мұрағат