Футбол тамашалағаны үшін 13 бала ату жазасына кесілді
Футбол тамашалағаны үшін 13 бала ату жазасына кесілді
9 жыл бұрын 4788 www.bild.de

ИСИМ қанішерлері Ирақ пен Йордания арасында өткен футбол ойынын тамашалаған 13 баланы ату жазасына кесті. Бұл жайында Германияның «Bild» газеті хабарлады.

Оқиға Мосулдың әл-Ярмұқ қаласында болған. ИСИМ басшыларының бірі Әбу Шұғайып әл-Алмани өтіп жатқан Азия футбол чемпионатына байланысты футбол көрудің харам екенін, оның Батыстан келгенін жариялап, халықты ескерту үшін "пәтуа хабарларын" көшелерге дейін іліп тастайды.

Ирақ-Йордания ойыны барысында ИСИМ содырлары бір кафеде футбол көріп отырған 13 баланың үстінен түседі. «Пәтуаға» бойұсынбағаны үшін қаныпезер содырлар бұларды жазалау үшін футбол стадионына алып барады да сол жерде бәрін тізіп атып тастайды. Ол 13-тің ішінде 4-еуі бір үйдің ағайынды балалары болып шыққан. ИСИМ-нен қорыққан ата-аналар балаларының сүйегін алып кетуге бата алмай, олардың әлі стадионда көмусіз жатқаны айтылады. 

0 пікір
Мұрағат