Спутниктен түсірілген фотосуреттен нені байқауға болады?
Спутниктен түсірілген фотосуреттен нені байқауға болады?
2 жыл бұрын 2528

Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы «Боко Харам» содырларының лаңынан кейін Нигериядағы екі қаланың қандай күйге түскенін көрсететін спутниктен түсіріліп алынған фотосуретті айғақ ретінде алға тартты. Бұл жайында Aljazeera ақпарат көзі хабар таратты. Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 2-і және 7-і күні түсірілген Нигерияның солтүстігіндегі Бага және Доро Говон қалаларының фотосуретінен аталмыш шаһарлардың «Боко Харам» содырларының лаңынан кейін қандай күйге түскенін жоғарыда келтірілген фотосуреттен байқауға болады. Жүрген жеріне шөп шықпайтын содырлар 3700-ден аса құрылыс нысандарын талқандаған, олардың қолынан қаза тапқандар саны 2000 адамға жеткен. Қаза тапқандар арасында мұсылмандармен қатар христиандар да бар. Содырлар сойқанына куә болғандардың сөзіне қарағанда, қаза тапқан бейбіт тұрғындар арасында қашып үлгермеген қарттар мен балалардың және әйелдердің қарасы көп. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар бөлімінде «Балалар арасынан да жанкештілер шыға бастады» деген тақырыппен хабар таратқан болатынбыз. Сонда он жасар қыздың өз-өзін жарып жібергені турасында сөз қозғағанбыз. Яғни, жеткіншек қызды осындай қадамға итермелеген «Боко Харам» содырларының сойқаны еді. Әйтпесе адамзатқа қарсы мұндай қылмысқа көз жұмып қарамас еді ғой. Ол ол ма, Біріккен Ұлттар Ұйымы да Нигерия билігінен «Боко Харам» содырларын тезге салуды талап еткен жоқ.

0 пікір