Еуроодақ Facebook, Google және Twitter желілеріне айыппұл салатыны туралы ескертті
Еуроодақ Facebook, Google және Twitter желілеріне айыппұл салатыны туралы ескертті
7 жыл бұрын 2354 tengrinews.kz shkolablogger.ru

Еуроодақ билігі Facebook, Google және Twitter желілеріне өз қызметтерін еуропалық стандарттарға сәйкестіндіру үшін бір ай уақыт берді. Егер мұндай болмаған жағдайда компанияларға айыппұл салынады. 2016 жылдың желтоқсанында компанияларға олардың кейбір қызметтері еуропалық тұтынушылар құқығын қорғау заңдарына қайшы келетіні туралы хабарлама жіберілген. Бұл жағдай туралы компания өкілдері әлі ешқандай пікір білдірмеген. Бұл мәселеге қатысты компания өкілдерімен кездесу өтіп, онда мәселені шешу жолдары ұсынылған. Еурокомиссия талаптар орындалмаған жағдайда айыппұл салу шарасына қолдау білдірді.

0 пікір
Мұрағат