Google балалардың смартфонын бақылайтын қызметті іске қосты
Google балалардың смартфонын бақылайтын қызметті іске қосты
7 жыл бұрын 2658 egemen.kz

Google ата-аналарға балалардың смартфонын бақылауға мүмкіндік беретін Family Link сервисін іске қосты. Бұл туралы компания өзінің ресми блогында хабарлады.

Жаңа қызмет арқылы ата-аналар баланың қандай қосымшаларды жиі қолданатынын біле алады. Сонымен қатар, Family Link арқылы Google Play дүкенінен кез келген қосымшаларды жүктеуге тыйым салу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған сервисте түнгі режим мен баланың смартфонын бірнеше сағатқа өшіру қызметі де бар.

Family Link әзірге тек АҚШ-та тестілеу сатысында іске қосылды.

0 пікір
Мұрағат