Екі алып державаның келесі жылғы әскери шығындары белгілі болды
Екі алып державаның келесі жылғы әскери шығындары белгілі болды
6 жыл бұрын 2294 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин жыл сайын өтетін баспасөз жиынында 2018 жылы Ресейдің әскери шығын мөлшерін жария етті. Президенттің айтуынша, Ресей әскери мақсатта 2,8 триллион рубл шығындайтын болды. «Келесі жылы әскери шығынға қаржы қарастырылған – 1,4 трлн рубл сатып алуға, 1,4 трлны әскерилерді қамтамасыз етуге. Яғни, 2,8 трлн рубл. Бұл шамамен жылпы ішкі өнімнің 2,8 пайызын құрайды»,- деп мәлімдеді. Осылай дей келе ол РФ-ның әскери шығын деңгейін АҚШ-тағы әскер шығын көрсеткішімен салыстырды. Президенттің сөзіне қарағанда, Ақ үй 2018 жылы әскери шығынға 700 млрд доллар бөлген. Ал Ресейдің әскери шығынын АҚШ-пен салыстырғанда тіптен аз – 46 млрд доллар. Халықты осылай жұбатқан Путин екі елдің әскери шығындары арасында жер мен көктей айырмашылық барын тілге тиек етті. Сондай-ақ, әскери шығынның әлеуметтік бағдарламаларға кері әсер етпейтініне сендіргісі келді. «Ең алдымен біз өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп алуымыз керек, екіншіден, бұл экономикамыздың күйреуіне жол бермейтіндей етуіміз керек. Біз осыны да ескердік»,- деді. 

0 пікір
Мұрағат