Автожаңалықтар: Биыл қазақстандықтар қанша автокөлік сатып алды?
Автожаңалықтар: Биыл қазақстандықтар қанша автокөлік сатып алды?
6 жыл бұрын 2671

Қазақстандықтар 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында 999,4 млн АҚШ долларына 41,7 мыңға жуық көлік сатып алды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап. 

Егер ақша жағынан алатын болсақ, бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 30,4% жоғары. Көліктердің саны жағынан тек 5,9% өсті. Яғни, бұдан көлік бағасының айтарлықтай қымбаттағанын байқауға болады, деп жазылған ұйымның хабарламасында.

Осы жылдың қараша айының қорытындысына (4 711) сәйкес, көліктер былтырғыға қарағанда 10,5%-ға өтімді болды. Ал, нарық көлемі былтырғы көрсеткіштен 7,6%-ға озып, 106,3 млн долларға жетті.

«Автонарық саласында осы жылдың басты нәтижесі ретінде екі жылдан бері созылып келе жатқан нарықтық құлдыраудың аяқталуын айтуға болады. Бұл құлдырау 2014 жылдың ортасында бастаған. Қараша айы құлдыраудан шыққаннан кейінгі үздіксіз өскен жетінші ай болып отыр. Бұл саланың қайта қалпына келуіне отандық өндірушілер де ықпал етті. Олардың ұсыныстарының арттыруы, сондай-ақ макраэкономикалық қордың тұрақтануы және тұтынушылардың жаңа валюталық өзгерістерге үйренісуі кризистен шығуға әсер етті», - деді «ҚазАвтоПром» басқарма төрағасы Олег Алферов.

Ұйым басшысы 2017 жылға қатысты бұған дейін айтылған болжамдар әлі де солай қалатынын айтты. Болжамға сәйкес 12 айдың қорытындысы бойынша нарықта 46 мың көлік сатылу керек болатын. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш асыра орындалады. Компания осы жылды 6%-дық өсіммен аяқтайды. Ал, қазақстандықтардың жеңіл автоларды сатып алу шығыны 1,1 млрд доллардан асады.

«Бірақ бұл цифрлар 2015 жылғы көрсеткіштен алыс емес. Бізге кризиске дейінгі көрсеткіштерді қайта қалпына келтіру үшін көп шаруа тындыру керек. Егер келер жылы мұнай бағасы тұрақты болса, қазақстандық автозауыттар өз жоспарларын іске асырса, жақсы нәтиже көрсетеміз деп болжап отырмыз. Онда болашақта 60 мың көлік сатылу мүмкін. Сондай-ақ, саланың қалпына келуіне жеңілдетілген несие мемлекеттік бағдарламасы мен қалдықтарды кәдеге жаратуды дамыту жақсы қолдау көрсете алады», - деп болжады Алферов.

Айта кету керек, он бір айдың қорытындысы бойынша қазақстандық автозауыттар шығарған 27,4 мың автокөліктің 65,7%) 14,2 мыңы (34,3%) ғана сатылды.

Қазақстандықтардың сұранысына ие бредтердің рейтингінде Toyota маркасы көш бастап тұр. 2017 жылдың 11 айында ел территориясында жапон маркасының 8,3 мың автокөлігі сатылды. Lada 7,7 мың дана сатылыммен екінші орынды алса, Ravon 4,1 мың көлік сатып, үшінші орында тұр. Үздік бестікті Hyundai (3,2 мың) және GAZ (2,3 мың) аяқтады.

Сондай-ақ, топ 10-дыққа Renault (2,3 мың), KIA (2,1 мың), UAZ (1,7 мың), Nissan (1,5 мың) және Chevrolet (1,4 мың) кірді.

Жеңіл автокөлік моделінің рейтингінде Toyota Camry седаны (3,1 мың), Lada 4x4 жол талғамайтын моделі (2,6 мың) және Ravon Nexia (2,2 мың) үштікке ілінді. Ал Lada Granta (1,5 мың) мен Lada Largus (1,5 мың) осы рейтингтің бестігін топтады.

Тұтынушылардың қалауы болған үздік жиырма көлік тізімінде Toyota Rav4 (1,4 мың), Ravon R4 (1,2 мың), Toyota Land Cruiser 200 (1,1 мың), Renault Duster (1000), Toyota Land Cruiser Prado (1000), Volkswagen Polo (950), Toyota Corolla (875), Hyundai Creta (854), Lada Vesta (839), Hyundai Elantra (825), Hyundai Tucson (772), Renault Sandero (643), Hyundai Accent (582), Toyota Hilux (509) және Lexus LX (499) бар.

Қазақстан нарығындағы ең ірі диллер «БИПЭК Авто – Азия Авто» холдингі болып қалды. Сатып алушылардың 29,1% осы компанияның жеңіл көлігін (LCV қоса алғанда) таңдапты. Нарықтың 17% КМК Astana Motors-тың көлігін алды. Еліміздің автосүйер қауымы таңдағандардың қатарында «Вираж» 9,0%, Toyota City Алматы (4,9%), Allur Auto (4,3%), Mercur Auto (3,3%), Aster Auto (2,2%), «Тойота Центр Жетісу» (2,2%), «Урал-Кров» (1,7%) және «Автомир» (1,3%) де бар.

Ал, автокөлік сатып алушылардың ішінде Алматы тұрғындары белсенділік танытты. Олар 10,8 мың көлік сатып алған. Сондай-ақ Астана (7,7 мың) мен Шымкент (3 мың) тұрғындары үздік үштікке кірді. Ал Атырау (2,8 мың), Қостанай (2,6 мың), Қарағанды (2,4 мың), Орал (2,2 мың), Өскемен (2 мың), Ақтау (1,6 мың) және Ақтөбе (1,5 мың) тұрғындары да осы рейтингіге енді.

0 пікір
Мұрағат