ДӘРІГЕРЛЕР ӨЛІ ТУҒАН БАЛАНЫ ТІРІЛТІП АЛДЫ (ВИДЕО)
ДӘРІГЕРЛЕР ӨЛІ ТУҒАН БАЛАНЫ ТІРІЛТІП АЛДЫ (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 5191 muslim.kz

Бұл ғажап оқиға Сирияда болған. Айы-күні жетіп отырған аяғы ауыр әйел кезекті бомбалаудан кейін ауыр жараланып, ауруханаға түскен.

Ал дәрігерлер оны да, баласын да ажалдан аман алып қалды. Шақалақ басында өлі болған. Дәрігер қолымен оның кеудесін басып, басқа жерлерін де уқалап, жасанды дем беріп, 20 минутта тірілтіп алды.

Осы ғажап жайттың видеосын әлеуметтік желіде қарағандар саны қазір 6 миллионнан асып кеткен. Ал оны Фейсбукке Internaut Day деген қолданушы жариялады. 

0 пікір
Мұрағат