Копенгагенде өзгеше акция өтті
Копенгагенде өзгеше акция өтті
2 жыл бұрын 750

Дания астанасындағы белсенді жастар Газа секторындағы Израиль басқыншылығын айыптайтын өзгеше акция өткізді. Әйелдер мен балалардың және қарттардың ойдан шығарылған есімдері жазылған бірнеше ондаған табыттар көшенің қақ ортасына қойылды. Газа секторын ақпараттық блокадада қалдырған Израилге деген наразылықтарын осылай білдірді. Бұл шараны Палестинадан, Сириядан және Түркиядан келген жастар ұйымдастырды. Дания ислам қауымдастығының президенті Ахмет Дениз Палестина халқының ауыр азабы мен Израилдің озбырлығы және өктемдігі жайында талай рет айтылса да әлем жұртшылығының үнсіздік танытқанына, көз жұма қараған немқұрайдылығына әрі қынжылыс білдірді әрі таңданысын жасырған жоқ. Бұл шараға Даниядағы Палестина елшісі Хурани әл-Амри қатысты. Соңғы мәліметке қарағанда, израилдіктердің әскери басқыншылығынан қаза тапқан палестиналықтардың қарасы 476 адамға жетті. Ал жарақат алғандардың саны 3500 адамға жеткен. Қаза тапқандардың арасында 100-ден аса бала көктей солған және 40 әйел көз жұмған.

0 пікір