Атлант мұхитының арғы жағында мұсылмандардың аса ірі құрылтайы өтті
Атлант мұхитының арғы жағында мұсылмандардың аса ірі құрылтайы өтті
9 жыл бұрын 3226

АҚШ-тың Балтимор қаласында Солтүстік Америка мұсылмандарының құрылтайы және осы құрылтай аясында қайырымдылық шарасы өтті. Аталмыш шараға 20 000-нан аса адам қатысты. Биылғы құрылтайда Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) тұлғасын таныту арқылы ислам жайында қалыптасқан жаңсақ ұғымға тойтарыс беру мақсаты көзделді. Құрылтайдан соң осынау шараға қатысқандар көшеге шығып, мұқтаждарға азық және өзге де керек-жарақ салынған қолдорбаларын үлестірді.

0 пікір
Мұрағат