Түлектер бітіру кешіндегі қымбат киімдерден сырқат балалар үшін бас тартты
Түлектер бітіру кешіндегі қымбат киімдерден сырқат балалар үшін бас тартты
9 жыл бұрын 3391

Muslim.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Сербия мемлекетінің Пирот қаласындағы гимназия түлектері бітіру кешіне қымбат та сәнді көйлектермен барудан бас тартқан көрінеді. Олар осы сәндену мен жасануға жұмсалатын қаржыны науқас балаларға беруді жөн санаған. «Сенің бес минуттық әшекейің – әлдекімнің бүкіл өмірі» деп аталған акция негізінде мектеп түлектері мен ұстаздары 310 000 динар жинап, аталмыш қаржыны ауыр науқасты үш баланың жанұясына берген.

Мектептің салтанат залында церебральды салдану сырқатына шалдыққан 12 жасар Предраг Потич, жеті рет дәрігер пышағына түскен 11 жасар Матеи Лазаревич пен жақында ғана ота жасатқан бес жасар Чеда Тошичке жиналған қаржы арнайы табысталған.

Бұдан соң түлектер «Сенің бес минуттық әшекейің – әлдекімнің бүкіл өмірі» деген жазуы бар жейделерін киіп, қала көшелерін аралауға шыққан. Олар өздерінің бұл қайырымдылықтарын соңынан ерген інілерінің де қайталап, жалғастыра түсетініне сенімді екендіктерін білдірді.

1 пікір
Мұрағат