Атеистер біз ойлағаннан да көп болып шықты
Атеистер біз ойлағаннан да көп болып шықты
7 жыл бұрын 5548 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемде құдайдың барына және бірлігіне сенбейтін атеистер қарасы біз ойлағаннан да көп болып шыққан. Бұл жайында аса беделді Social Psychological and Personality Science мерзімді басылымының сарапшылары АҚШ-та жүргізген зерттеу нәтижесінен белгілі болды. Атеистер қоғамның қысымынан өз көзқарасын ашып айта бермейтіндіктен олардың қатары кемітіліп көрсетіліп келген. Мәселен, АҚШ-тағы Gallup және Pew талдау агенттігі жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес әлем бойынша атеистер саны 3-11 пайызды құрайды. Бір ғана АҚШ тұрғындарының 20 пайызы өзін атеистер қатарына жатқызған. Ал көрші Ресей Федерациясында бұл көрсеткіш 22 пайыз болған. 

0 пікір
Мұрағат