Астананың Елбасына көрсетілген сұрықсыз жерлері ("қызықты" фото)
Астананың Елбасына көрсетілген сұрықсыз жерлері ("қызықты" фото)
7 жыл бұрын 3780 tengrinews.kz Ренат Ташкинбаев

Бір ай бұрын Мемлекет басшысы EXPO-2017 көрмесіне дайындығы жөнінде өткізілген жиналыста шенеуніктерге Астанадағы кейбір жерлердің суреттерін көрсеткен болатын. Олар жаңа салынып жатқан ғимараттардың фонында тым сұрықсыз көрінеді. "Сырты бүтін, іші түтін", - деді Президент суреттерге пікір білдіріп. Сол отырыста орталық аудандарда ескі үйлерден құтылуды және заңсыз салынған 15 мың бақ телімдерін сүруді тапсырды. "Қараңыздаршы, біздің орталықтың сиқы қандай. Көрдің бе? Арғы жағында біздің атақты опера театрымыз, көріп тұрмысың?" - деді Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкіміне. Суретте ненің бейнеленгенін анықтау қиын болғандықтан, біз оны жақыннан қарауды ұйғардық. 

 

0 пікір
Мұрағат