Араб азаматтарын шетелде мұсылманша киінбеуге шақырды
Араб азаматтарын шетелде мұсылманша киінбеуге шақырды
8 жыл бұрын 3538

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі ел азаматтарына ресми үндеу жариялап, шетелде мұсылманша киінбеуге шақырды. БАӘ билігі әлемде өршіп тұрған исламофобиялық құбылысқа байланысты осындай қадамға баруына тура келген. Яғни, аталған елдің сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, шетелге шыққан ел азамттарының қауіпсіздігіне байланысты осындай шешім қабылдады. Сондай-ақ, осы мәселеге қатысты құжатта айтылғандай, Еуропаның бірқатар елдерінде шариғат шәлісіне, яғни, хиджабқа заң жүзінде тыйым салынған. Айта кетейік, АҚШ-тың  Огайо штатында БАӘ азаматын полиция қызметкерлері тұтқындаған болатын. Мұсылманша киінгенінен күдіктеніп. Террористке қатысы жоғы анықталғаннан кейін БАӘ билігінен ресми кешірім сұрады.  

0 пікір
Мұрағат