Ғалымдар жағымсыз түсті анықтады (фото)
Ғалымдар жағымсыз түсті анықтады (фото)
8 жыл бұрын 3168

Австралия билігі шылым шегумен күресу үшін түрлі айла-амалды қолдануда, неғұрлым тиімді күресу үшін адам ойына келмейтін әрекеттерге де барып жатыр. Осы мақсатта ер-азаматтарының қандай түсті жаратпайтынын, ең жағымсыз түсті анықтау міндетін алдыға қойды. Яғни, сол бойынша темекі қорабын жағымсыз түске боямақ. Бұл жайында "The Guardian» ақпарат көзі хабар таратты. 90 күннің ішінде шылым шегетін мыңнан аса адамнан қандай түстің жағымсыз екені сұрастырылған. Шылымқорлардың дені «Pantone 448C» түсінің жиренішті екенін жеткізген (суреттегі – ред.). Бұл түс өлімді еске салатынын да жасырмаған. Айта кетейік, бұл бағыттағы зерттеу 4 жылдан бері жалғастырылып келе жатыр. Ендігі жерде Австралияда, Ирландияда, Францияда және Ұлыбританияда темекі қораптары осындай түске боялатын болады.

Ученые определили самый неприятный цвет

0 пікір
Мұрағат