Жануарлар әлемі: Ит пен мысықтарды жиі тамақтандырмауға шақырды
Жануарлар әлемі: Ит пен мысықтарды жиі тамақтандырмауға шақырды
8 жыл бұрын 4944

Семіздік індеті адамдарды былай қойып, үй жануарлары арасында да тарала бастаған. Әсіресе, дамыған батыс елдерінде. Осыған байланысты ветеринарлар мен жануарлар қорғау ұйымдары дабыл қағып, үй хайуандарын адам жейтін тағамдармен тамақтандырмауға шақырды. Мәселен, Британияда үй жануарлары семіздік індетінен сусамыр секілді артық салмақтан туындайтын ауруларға шалдыға бастаған. Бұл жайында «The Telegraph» ақпарат көзі хабар таратты. Үй жануарларын сақтандырумен айналысатын «Animal Friends» компаниясының келтірген мәліметі бойынша, әсіресе, мысықтар семіздіктен қатты зардап шегіп отыр. Содан кейінгі орында - иттер. Мысықтар арасында диабетке шалдыққандар 1161%-ды құраса, бұл көрсеткіш иттер бойынша 850%-ға жеткен. Бұл дерек Британияда 9 мың ит пен мысыққа жүргізілген зерттеу нәтижесінде алынды. Аталған елдің «PDSA» ветеринарлық әрі қайырымдылық қорының сарапшысы айтқандай, ит пен мысықтың семіздік індетіне шалдығуына ең алдымен адамдардың өздері кінәлі. Үй жануарларының қожайындары оларға адам жейтін тағамды беріп, олардың көп қимылдап, қозғалуына жағдай жасай бермейді. Өткен жылы британдық миллионға жуық иттердің бір ширегіндейін мүлдем серуендеуге алып шықпайтыны белгілі болған. Ал диабетикалық емхана жұмыс істейтін ветеринар Стин Нильсен (Stijn Niessen) "The Daily Mail» ақпарат көзіне берген сұхбатында елдегі мысықтардың жартысынан астамы үйден шықпайды. Бұл мысықтың табиғатына жат. Мысық жаратылысына сай тышқан аулап, жемін солай табуы керек.

0 пікір
Мұрағат